2023 жылдың 21 қараша күні Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернатында V республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауы өтуде. Байқауға еліміздің 3 ірі қаласы, 12 облысынан 22 оқушы қатысып, үш кезең бойынша барын салып, бағын сынайды.
Байқау шымылдығы қазақтың күмбірлеген күйімен ашылды. Артынша мектепті таныстыру арнауы мен шешендік өнердің маңызын ашатын Абайдың әндерінен попурри орындалды. Игі шараның ұйымдастырушысы, жобаның авторы, мектеп-интернатының шешендік өнер сыныбының ұстазы, журналист Жарқын Сәленұлы байқаудың мән-маңызы, мақсаты мен ерекшелігін атап, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқаудың мақсаты: шешендік өнер арқылы білімгерге сөз өнерінің ерекшелігі мен жүйелі сөз саптау шарттарын меңгерту, жүйелі сөйлеу дағдысы мен сөйлеу шеберлігін шыңдау; сөз құндылығын бағалауға, тарихи-мәдени және ұлттық болмысын тануға, этномәдени тәрбие беруге, сол арқылы әдеби тіл нормасына сәйкес мемлекеттік тілді қолданудың жаңа деңгейін қалыптастыру.
Байқау бойынша:
Бас жүлде: 150.000 тг.
1 орын: 100.000 тг.
2 орын (екеу): 70.000 тг.
3 орын (төртеу): 40.000 тг
Арнайы жүлде ( төртеу): 20.000 тг

Біздің облысымыздың намысын қорғауға Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясының түлегі, 11-сынып оқушысы Жанатұлы Асанали жол тартты. Асаналиға сыннан сүрінбей өтуге тілектеспіз.

sko-uo

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы

edu

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Дарын

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы