Информатика пәні бойынша Еуразиялық олимпиаданың қорытынды туры
2023 жылдың 11-12 желтоқсан аралығында Алматы қаласында Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің базасында Еуразиялық информатика олимпиадасының қорытынды туры өтті.
Бұл олимпиаданың мақсаты-оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту және есептеу ғылымдары компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар саласындағы ең дарынды жастарды анықтау.
Бұл олимпиадаға Бірінші IT-лицейінің оқушылары Данил Аксенов, Сейіт Даниал және Таран Максим қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының командасы құрметті ІІІ орынға ие болды.
«Қызылжар дарыны» орталығы олимпиада жүлдегерлерін құттықтап, шығармашылық табыс тілейді!

sko-uo

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы

edu

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Дарын

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы