Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңі
2023 жылғы 03-06 қантар аралығында «Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия — интернаты» және «ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп – лицей- интернаты» базаларында 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңі өтті.
Олимпиада екі бағыт бойынша өтті: ЖМБ және ҚҒБ екі турдан, пән бойынша, классикалық олимпиадалық тапсырмалар түрінде, екінші күні практикалық жұмыстар өткізілді. Олимпиада бойынша тапсырмаларды «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы құрастырып жіберді. Тур аяқталғаннан кейін олимпиада жауаптары «Дарын» РҒПО интернет-ресурсында орналастырылды.
Қазылар алқасының құрамына Манаш Қозыбаев университетінің үздік педагогтері-физика-математика, химия-биология, жаратылыстану ғылымдарының докторлары, филология, гуманитарлық ғылымдарының докторлары, кандидаттары, магистірлері кірді.

sko-uo

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы

edu

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Дарын

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы