Бұл олимпиаданың мақсаты-Қазақстанның шалғай елді мекендерінен дарынды және білімді балалардың қабілеттерін анықтау және нығайту, халықаралық деңгейдегі олимпиадаларға қатысуға ынталандыру.
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау мерекесі Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі Аңбаев Руслан Әкімжанұлының қатысуымен өтті. Аудан әкімі өз сөзін олимпиадаға қатысушыларды құттықтаудан бастап, олардың ауданымыздың мақтанышы мен намысы, «Алтын қоры» екенін атап өтті.
Одан әрі олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін «Қызылжар дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы » КММ атынан І,ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтарымен салтанатты марапаттау рәсімі болып өтті.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз және шығармашылық табыстар тілейміз!!!

sko-uo

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы

edu

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Дарын

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы