▪️2024 жылғы 29 және 30 сәуірде Қарағанды ​​қаласында «ROBOLAND – 2024» IX Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалінің финалдық жарыстары өтті.
▫️Іс-шара оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытуға және инженерлік дағдыларды қалыптастыруға ықпал ету, сонымен қатар білім беру робототехникасы мен бағдарламалауды танымал ету мақсатында ұйымдастырылды.
▪️Фестивальге Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Әзірбайжаннан 350-ге жуық команда қатысты.
▫️Солтүстік Қазақстан облысынан келесі категориялар бойынша облыстық іріктеу жарыстарында жеңімпаз атанған 5 команда қатысты:
— мини-футболды басқаратын роботтар (10-14 жас);
— сумо (10-14 жас);
— кегельринг-квадро x 2 (10-14 жас);
— шығармашылық категория (10-14 жас);
— маневрлік басқарылатын квадрокоптерлер (16-18 жас).
▪️Сайыс соңында қатысушыларға сертификаттар берілді.

sko-uo

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы

edu

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Дарын

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы