Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада информатика және география пәндері бойынша 2024 жылдың 25-28 наурызы аралығында Алматы қаласында өтті.
2 күнге созылған интеллектуалды жарысқа Солтүстік Қазақстан облысының 13 оқушыдан тұратын командасы қатысты. Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша 3 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
Ⅱ орынды жеңіп алған екі оқушымыз «Облыстық дарынды балаларға мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының» КММ 9 – сынып оқушысы Бакеева Нурай және «ЛОРД» дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернатының» КММ 11- сынып оқушысы Каримов Алексей география пәндері бойынша сынға түсті. Ал жүлделі Ⅲ орынды Облыстық дарынды балаларға мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10 – сынып оқушысы Курмашев Альтайыр иеленді. Ол информатика пәні бойынша білімін сынады.
Қатысушылар арасында олимпиадада география пәні бойынша көрсеткен ерекше жетістігі үшін Грамотамен «Бірінші гимназияның» КММ 10 – сынып оқушысы Козак Роман марапатталды.
Барлық қатысушыларды білім додасында жақсы нәтиже көрсетулерімен құттықтап, олардың тәлімгерлері мен ата-аналарына алғыс айтамыз. .
Жаратылыстану-математикалық бағыттың негіздерін игеруде әрдайым жоғары жетістіктер тілейміз!

sko-uo

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы

edu

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Дарын

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы