Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына
арналған Республикалық олимпиаданың ІV (республикалық) қоғамдық гуманитарлық пәндер бойынша (қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі) қорытынды кезеңі Қостанай қаласында 1-5 cәуір аралығында өтті. Солтүстік Қазақстан облысы атынан 8 оқушы бақ сынады. Аталған олимпиада екі турдан тұрды. Олимпиада қорытындысы бойынша 3 оқушымыз жүлделі Ⅲ орынды жеңіп алды.
​Бірінші мектеп гимназиясы 10 – сынып оқушысы Махмутова Сумбат, Мағжан Жұмабаев атындағы IT – мектеп – лицейі 10 – сынып оқушысы Каипов Руслан, Кеңес Одағының батыры И.М. Бережной атындағы Келлер орта мектебі Тайынша ауданы 11 – сынып оқушысы Рахматханова Хоназим Ⅲ орын дипломымен, бағалы сыйлықпен және медальмен марапатталды.
Олимпиадада көрсеткен ерекше жақсы жетістігі үшін Әбу Досмұхамбетов атындағы облысытық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты 10 – сынып оқушысы Алейдар Жібек марапатталды.
Барлық қатысушыларға болашақта биік ЖЕҢІСТЕР тілейміз. Білім додасында мықтылар қатарынан көрініңіздер! Ата – аналарына және пән мұғалімдеріне алғыс айтамыз.

sko-uo

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы

edu

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Дарын

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы