Басшының блогі

Ғабдуллина Бахыт Мырзағалиқызы

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қызылжар дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы» КММ директоры.

«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі, «Педагогикалық білім беру» бағыты бойынша магистрі.

Педагогикалық жұмыс өтілі-21 жыл. 1998-2012 жылдары Шал ақын ауданы «Ақан-Барақ ОМ» КММ, Петропавл қ. «Мағжан Жұмабаев атындағы МАБ жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицей» КММ бастауыш сынып мұғалімі, Петропавл қ. мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі, әдіскері болып жұмыс істеді. 2012 жылы «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ-де әдіскер лауазымында жұмыс істей бастады, бұдан әрі 2019 жылдан 2024 жылға дейін «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Әдістемелік орталық» КММ директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

Бірінші біліктілік санатының басшысы болып табылады, «Педагог–шебер» біліктілік санатына ие. Облыстық, республикалық жұмыс топтарының, сараптамалық кеңестер мен комиссиялардың құрамына кіреді. Сертификатталған жаттықтырушы, рецензент, әдістемелік құралдардың, бағдарламалардың авторы және тең авторы.

Әкімшілік жұмыс шеңберінде педагогикалық тәжірибені жалпылау, педагог кадрларды аттестаттау, редакциялық-баспа орталығы бойынша қызметке басшылық ету және үйлестіруді жүзеге асырды. Облыстың пилоттық ұйымдарында білім берудің жаңартылған мазмұнын апробациялау және енгізу бойынша облыстық жобалар мен эксперименттік алаңдардың жұмысын ұйымдастырды және сүйемелдеді.

«Үздік авторлық бағдарлама», «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауларының жеңімпазы.

Бақыт Мырзағалиқызының педагогикалық қызметі бірнеше рет СҚО Білім басқармасының, облыс әкімінің, ҚР Оқу-ағарту Министрлігінің құрмет грамоталарымен, ОМ құрылымдық бөлімшелерінің наградаларымен марапатталды. СҚО білім беру саласындағы елеулі жетістіктері үшін педагог М. Жұмабаев атындағы өңірлік төс белгісімен марапатталды.

2024 жылдың 07 тамызынан бастап «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ бұйрығымен «Қызылжар дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы» КММ директоры болып тағайындалды.

Телефон: 8(7152) 32-00-20

e-mail: ms.eskulova@mail.ru

sko-uo

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы

edu

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Дарын

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы