Солтүстік Қазақстан облысының оқушылары — Трункин Егор пен Бейсембаева Аружан — бүгін Алматы қаласында ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының бастамасымен өткен жас зерттеушілердің І форумына қатысқанын зор мақтанышпен хабарлаймыз.
Іс-шара еліміздің барлық өңірлерінен дарынды оқушыларды-ғылыми білім мен зерттеу әлеуетінің жоғары деңгейін көрсететін республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпаздарын жинады.
Форумға Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты, бұл өскелең ұрпақ арасында ғылымды дамыту ісінің маңыздылығын айқындай түседі.

👏 Жас зерттеушілерімізді осындай ауқымды ғылыми шараға қатысуымен құттықтаймыз және оларға жаңа жетістіктер мен ашылулар тілейміз!

 

sko-uo

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы

edu

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Дарын

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы