2025 жылдың 20-21 мамыр күндері Ақтау қаласында 8-11 сынып оқушылары арасында «Әбіш оқуларының» республикалық кезеңі өтті.
Әбіш Кекілбаев — қыры мол ірі дарын. Ол сыншы, жазушы, тарихшы, саясаткер, сонымен қатар орыс, қазақ тілінде көсіле сөйлейтін өзгеше шешен адам. Сондықтан да ақын мұрасын аялау, оның қазақ тарихында алатын айрықша орнын, атқарған орасан зор еңбектерін білу, дәріптеу әрбір қазақ баласының міндеті.
🌟 Бүгін біздің жас дарындарымыз осынау ұлы міндетке аз да болса өздерінің үлесін қосып, ақынның туған жеріне барып, үлкен ғылым мен шығармашылық сайысына қатысып, биіктерге апаратын білімдерін шыңдап қайтты!
Солтүстік Қазақстан облысынан 3 оқушы бақ сынады.
Олардың бірі — Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының 8-сынып оқушысы Дәулет Інжу грамотамен марапатталды.
🎉 Жүлдегерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
🙏 Қатысушыларға, ұстаздар мен ата-аналарға зор алғыс!

Жіберіп алмаңыз

sko-uo

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы

edu

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Дарын

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы