🚀🏛️ Қазақстанның 100 үздік олимпиадалық мектебі анықталды!
🌟 2024-2025 оқу жылының жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңінің нәтижелері негізінде Қазақстанның үздік мектептерінің рейтингісі жасалды. Бұл үлкен бірлескен жұмыстың жемісі!

Олимпиаданың соңғы кезеңіне еліміздің жеті өңірінен 600-ге жуық мектептен 1670 оқушы қатысты — бұл білім мен зияткерліктің нағыз мерекесі!

📈 Рейтинг келесі жүйе бойынша жасалды:
🥇 Алтын медаль — 3 ұпай
🥈 Күміс медаль — 2 ұпай
🥉 Қола медаль — 1 ұпай

🔝 Біздің облысымыздың нәтижелері:
🏅 «БЭСТ» гимназиясы Петропавл қ. — 40-орын
🏅 «ЛОРД» дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты — 48-орын
🏅 Облыстық дарынды балаларға мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернаты — 81-орын
🏅 Ә. Бөкейхан ат. № 25 жалпы білім беретін орта мектебі Петропавл қ. — 109-орын

🔥 Бұл — оқушылар, ұстаздар, ата-аналар мен тәлімгерлердің бірлескен еңбектерінің жемісі! Сіздердің табандылықтарыңыз, өз ісіңізге деген адалдығыңыз бен талантыңыз осындай жетістіктерге жетуге мүмкіндік берді.

💥 Бұл тамаша жаңалық жаңа жетістіктерге шабыттандырады! Баршаңызды құттықтаймыз және алдағы уақытта да табыс пен биік шыңдарға жетулеріңізді тілейміз!
🎉🎉🎉 🏆📊✨

sko-uo

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы

edu

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Дарын

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы