🗓️ 31 мамыр мен 1 маусым күндері Астана қаласында өткен екі күндік сапар біздің оқушылар үшін есте қаларлық әрі танымдық болды.
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Солтүстік Қазақстан облысының 5 дарынды оқушысы Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы – Ақордаға экскурсияға барды. 🏛️✨
Сапар барысында оқушылар:
🏛 ҚР Ұлттық музейін,
🏢 Президенттік орталықты,
🌐 «Бәйтерек» монументін,
🐠 «Ailand» океанариумын аралады.
🎁 Экскурсия соңында қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.
✨ Бұл күндер балаларға қуаныш, таңданыс және қызығушылық сыйлады. Әрбір нысан жаңа әсерлер сыйлап, ой-өрістерін кеңейтіп, олардың жүрегінде жарқын із қалдырды.
🇰🇿 Мұндай іс-шаралар балаларды шабыттандырып, отансүйгіштікке тәрбиелейді және ел тарихы мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастырады.
🎯 Бұл шабыт әр баланың арманы мен жетістігіне апарар үлкен жолдың бастауы болсын! 👧👦🚌💡