🔹 Секция тақырыбы: «Дарынды балалар – өңір стратегиясы, жетістік стратегиясы»
🔹 Тұжырымдама (қосымша тақырып): «Ізденістен дамуға: өңірдегі дарынды балаларды қолдаудың заманауи моделі»
🔹 Өткізу күні: Шамамен 2025 жылғы 13 тамыздан кейін (қосымша хабарлаймыз)
🔹 Өтетін орны: «ЛОРД» дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты» КММ (Петропавл қ., Жалел Қизатов көшесі, 5)

🎯 Секция жұмысының мақсаты
✔️ дарындылықты дамыту бірыңғай стратегиясы төңірегінде барлық мүдделі тұлғалар -оқушыларды, педагогтер мен ата-аналарды біріктіру
✔️ дарынды балаларды анықтау мен қолдаудағы озық тәжірибелерді талқылау
✔️ бірлескен бастамалар мен қолдау жолдарын әзірлеу
✔️ тиімді серіктестікке қатысушыларды шабыттандыру

📣 Қатысуға шақырамыз:
✅ педагогтерді – дарынды оқушыларды қолдау тәжірибесімен бөлісу үшін
✅ мектеп басшыларын – дарындылықты анықтау тетіктерін ұсыну үшін
✅ ата-аналарды – өз көзқарастары мен күтілетін нәтижелерімен бөлісу үшін
✅ олимпиада қатысушылары мен түлектерді – жетістікке жету жолымен бөлісу үшін
✅ ЖОО, ғылыми ұйымдар мен ҮЕҰ өкілдерін – ынтымақтастықтың жаңа түрлерін анықтау үшін
✅ бизнес-қауымдастық пен демеушілерді – білім беру бастамаларын қолдау мәселелерін талқылау үшін

🔹 Секция жұмысының форматы:
—  сарапшылардың сөз сөйлеулері
—  барлық мүдделі тараптардың қатысуымен өтетін панельдік пікірталас
—  озық тәжірибелермен бөлісу
—  интерактивті шеберлік сабағы
—  дарынды балаларды дамыту болашағына арналған форсайт-сессия

💬 Біз спикер ретінде кімдерді іздейміз?
🔹 Дарынды балалармен жұмыс тәжірибесі бар педагогтерді
🔹 Талантты жастарды дамыту жөніндегі психологтер мен мамандарды
🔹 Мектеп директорлары мен педагог-көшбасшыларды
🔹 Олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздарын
🔹 Жоғары оқу орындары мен ғылыми орта өкілдерін

Егер сізде идеялар, тәжірибелер, зерттеулер немесе шабыт сыйлайтын оқиғалар болса — біз сізге сөз беруге қуаныштымыз.

📌 Қалай қатысушы немесе спикер болуға болады?
2025 жылғы 15 шілдеге дейін келесі ақпараттарды көрсетіп, өтініміңізді darynsko@mail.ru электрондық поштаға жіберуіңізді өтінеміз:
толық аты-жөні
лауазымы, жұмыс/оқу орны
баяндаманың немесе сіз талқылағыңыз келетін сұрақтың тақырыбы мен қысқаша мазмұны
қатысу тілі

📨 Кеңес алу үшін байланыс: +7 778 760 35 13, Какенов Дархан Кадыржанович

Біздің өңіріміздегі дарынды балалардың даму жолындағы жаңа идеялар, тәжірибе алмасу және шынайы серіктестік үшін кеңістікті бірге құрайық!

sko-uo

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы

edu

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Дарын

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы