🎯 «Summer Camp» бағдарламасы – балалардың сыни ойлау, креативтілік, топпен жұмыс істеу және ағылшын тілінде еркін сөйлесу қабілеттерін дамытуға бағытталған.
👧🧒 Үш апта бойы қатысушылар білім, шығармашылық және достық ахуалына бөленді. Лагерьге 58 бала қатысты, олардың әрқайсысы сабақтарға, тренингтер мен интерактивті ойындарға қызығушылықпен және ынтамен белсене атсалысты.
🇺🇸 Ерекше оқиғалардың бірі – ағылшын тілінде еркін сөйлейтін Jessie Dromsky-Reed-пен өткен екі кездесу болды, ол балалармен АҚШ-тың өмірі, мәдениеті, дәстүрі және тарихы туралы қызықты мәліметтермен бөлісті. Қатысушылар белсенді сұрақ қойып, тілдік дағдыларын жандандыруға ерекше мүмкіндік алды.
💡 Мұндай тәжірибе балалардың ой-өрісін кеңейтіп, өз-өзіне сенімділігін арттырып, олардың әлеуетін ашатынына сенеміз. Алған білім мен дағдылар алдағы олимпиадалар мен зияткерлік жарыстарда үлкен көмек болады.
«Қызылжар дарыны» орталығы барлық серіктестерге мазмұнды да пайдалы жазғы маусым ұйымдастырғандары үшін алғыс білдіреді. Алда әлі талай шабыт сыйлайтын кездесулер, жарқын эмоциялар мен жаңа жетістіктер болсын! ✨
