🔥 Республикалық «Махамбет оқуларына» дайындық қызу жүріп жатыр!

Бүгін Kozybayev University оқытушысы Күлайхан Рахмет пен «Қызылжар дарыны» орталығының әдіскерлері қатысушыларға бағыт-бағдар беріп, құнды кеңестерін ұсынды. Олар Махамбеттің шығармаларын терең сезініп, жүрекпен жеткізу жолдарын көрсетті.

Уәлиханов ауданы «Әуезов ОМ» 10-сынып оқушысы Тоғайбай Аяна мен С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның 8-сынып оқушысы Ахаев Асылхан байқауға үлкен дайындық үстінде.

Бұл тағылымды дода – Махамбеттің рухы биік шығармаларын дәріптейтін маңызды алаң.

🌟 Жас дарындарға сәттілік! Жігер мен Махамбет рухы сіздерді жеңіске жетелесін!

↑