📘 Президенттік олимпиада — басталды!
Бүгін жаратылыстану-математикалық бағыттағы XVIII Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі өтуде.
🔢 Облыстың әр өңірінен келген 184 он бірінші сынып оқушылары математика, физика, химия және биология пәндерінен тапсырма орындауда.
🏆 Келесі кезеңге өтетін ең үздік 20 қатысушының есімі ертең-ақ белгілі болады.
📅 Финал — қарашада.