📣 Бастауыш сынып мұғалімдерінің назарына!

«Қызылжар дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2025 жылғы 31 қазанда «Алтын тұғыр» республикалық олимпиаданың аудандық/қалалық кезеңі өтетінін хабарлайды.

🎯 Олимпиаданың мақсаты – педагогтердің кәсіби өсуіне қолдау көрсету, шығармашылық әлеуетін дамыту және бастауыш сынып мұғалімінің беделін арттыру.

👥 Әр мектептен 5 мұғалімге дейін қатысуға мүмкіндік беріледі.

💻 Қалай өтінім беруге болады:
2025 жылғы 15 қазанға дейін:
1️⃣ altynsaqa.online сайтында тіркеліп, жеке кабинет ашу
2️⃣ Барлық қажетті деректерді мұқият толтыру қажет.

⚠️ Маңызды:
«Алтын тұғыр» олимпиадасының республикалық кезеңінің соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатыса алмайды.

✨ Бұл олимпиада сіздің жаңа жетістіктерге, кәсіби өсу мен шабытқа жол ашсын!
Балаларға деген сүйіспеншілігіңіз, тәжірибеңіз бен біліміңіз сізді лайықты жеңіске жетелесін! 🚀

📱 Ереже QR-код арқылы қолжетімді.

sko-uo

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы

edu

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Дарын

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы