💡 FIRST іс жүзінде!
Бүгін ЛОРД дарынды балалар үшін мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты базасында FIRST (Scrimmage) дайындық кезеңі өтті! 🚀
Іс-шара форматы – педагогтерге арналған оқыту семинары. Бұл жерде жаттықтырушылар мен тәлімгерлер инженерлік шығармашылық пен команда рухын сезіне отырып, FIRST миссиясы мен философиясымен танысты, байқау ережелері мен санаттарын талдап, FLL Challenge ойын алаңымен жақыннан танысты! 🤖
Семинар тәжірибе алмасу, шабыттану және жаңа идеялармен бөлісу алаңына айналды – өйткені ұстаздар балаларды технологиялар мен инновациялар әлеміне жетелейді!
Барлық қатысушыларға белсенділігі, қызығушылығы және командаларымен бірге дамуға деген ынтасы үшін алғыс білдіреміз! 🔥