Жарқын идеялар мен тың жаңалықтардың уақыты — Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінің І турының өткізілу мерзімдерімен бөлісуге қуаныштымыз! 💡

🗓 8 қараша – қоғамдық-гуманитарлық бағыт
🗓 15 қараша – жаратылыстану-математикалық бағыт

Биылғы жылы конкурс әрбір қатысушы өз жобасын жеке көрсетілім алаңында көрсете алатын «көрме-жәрмеңке» форматында өтеді. 🔬📊

Жобаларды қорғау халықаралық стандарттарға сай жүргізіледі және келесі талаптарды қамтиды:
✨ жобаларды кезең-кезеңімен қорғау;
✨ өзектілік пен ғылыми жаңашылдыққа назар аудару;
✨ академиялық адалдық қағидаттарын сақтау;
✨ жобаларды рәсімдеу мен таныстыруда цифрлық құралдарды қолдану.

Бұл – өзіңді көрсетуге, еңбегіңнің нәтижесін таныстыруға және жаңа ғылыми ашылуларға қадам жасауға тамаша мүмкіндік! 🚀

sko-uo

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы

edu

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Дарын

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы