💻 Мектеп оқушыларына арналған XVII информатикадан Еуразиялық олимпиадасы! 🚀
🎯 Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың цифрлық құзыреттіліктері мен ақпараттық мәдениетін дамыту, сонымен қатар бағдарламалау, есептеу ғылымдары және IT-технологиялар саласындағы дарынды жастарды анықтау.
👩💻 Олимпиадаға 3 оқушы және 1 жетекшіден тұратын командалар қатысады.
Іс-шара екі кезеңнен тұрады:
🔹 Іріктеу интернет-тур — 2025 жылғы 16 қарашада Санкт-Петербург қаласында өтетін олимпиадамен бір уақытта ұйымдастырылады.
Ұзақтығы — 5 сағат, басталуы — сағат 12:00 (Мәскеу уақытымен).
🔹 Қорытынды кезең — 2025 жылғы 15–16 желтоқсанда Алматы қаласында өтеді.
🌐 Интернет-турдың өткізілу тәртібі мен қатысушыларды тіркеу туралы толығырақ ақпарат QR-кодтағы сілтеме арқылы қолжетімді.
💫 Бұл — өз мүмкіндігіңді сынап көруге, қабілеттеріңді көрсетуге және халықаралық IT-қоғамдастықтың бір бөлігі болуға тамаша мүмкіндік!