«Қызылжар дарыны» орталығы КММ «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауының облыстық кезеңінің өткізілетінін хабарлайды ✨
🎯 Байқаудың мақсаты-білім беруді дамытуға және озық тәжірибелермен алмасуға бағытталған авторлық оқу бағдарламаларын, элективті курстар мен арнайы курстарды құратын педагогтарды анықтау және қолдау
👩🏫 Қатысуға шақырылады:
педагог қызметкерлері, балабақша тәрбиешілері, психологтар, инклюзивті білім беру педагогтері, еңбек өтілі — кемінде 5 жыл оқу-әдістемелік орталықтардың әдіскерлері.
📅 Өткізу мерзімі:
* I кезең — аудандық (2025 жылғы 13 қарашаға дейін);
* II кезең — облыстық (2025 жылғы 18 қараша);
* III кезең — республикалық (2025 жылғы желтоқсанның алғашқы онкүндігі).
📩 Өтінімдер мен конкурстық материалдар аудандық (қалалық) кезеңнің қорытынды хаттамасы бойынша 2025 жылғы 13 қарашаға дейін odarenniki_sko@mail.ru электрондық поштаға білім бөлімі басшысының бұрыштамасымен қабылданады
Өз авторлық тәжірибеңізді таныстырып, өңірдің педагогикалық шеберлігін дамытуға үлес қосуға мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар! 🌟



