Кеше «Қызылжар дарыны» орталығы Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңіне қатысушы әдіскерлермен, жетекшілермен және қатысушылармен қорытынды онлайн-кездесуін өткізді.
Бұл Zoom-конференция I турды өткізуге дайындықтың соңғы кезеңі болды. Орталық мамандары ұйымдастырушылық және әдістемелік мәселелерді тағы бір рет түсіндіріп, талаптар мен жобаларды қорғау тәртібі, бағалау критерийлерін нақтылап, қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.
📚 Дайындық жұмыстары— ресми хаттар, әдістемелік ұсынымдар және анонстар арқылы алдын ала жүргізілді.
Биыл конкурс алғаш рет Ғылыми Рецензиялау Комитетінің (IRPC) халықаралық қағидаларына сәйкес “көрме-жәрмеңке” форматында өтеді.
✅ Өткізуге қатысты барлық мәселелер келісілді және түсіндірілді.
Қатысушылар толық дайын — осы сенбіде облыстық кезеңнің I туры өтеді!



