«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2025 жылғы 20-25 қараша аралығында жалпы білім беретін мектептердің 1-10 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы республикалық «Ақбота» зияткерлік олимпиадасын өткізеді.

🎯 Олимпиаданың мақсаты — оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру, ғылым негіздері бойынша білімін тереңдету және зияткерлік қабілетін дамыту.

🔹 Олимпиадаға қатысу ерікті түрде жүзеге асырылады.

🔹 Қатысушылар саны мен пәндер тізімі сыныпқа байланысты. Толық ақпарат https://games.daryn.kz/deg…/akbota/JMB/akbota-subjects.php

🧩 Қатысу қадамдары:

1️⃣ Аккаунттың болуы
– www.games.daryn.kz сайтына кіріп, жеке кабинеттегі мәліметтердің (аты-жөні, сыныбы, мектебі, оқыту тілі) дұрыстығын тексеріңіз.
– Тіркелу мерзімі: 4-19 қараша (10:00-20:00 аралығында)
2️⃣ Қатысуды растау
– Сол сайтта «Қатысуды растау» батырмасын басып, нұсқаулыққа сәйкес әрекет етіңіз.
3️⃣ Тестті орындау
– 20-25 қараша аралығында жеке кабинетке кіріп, «Бастау» батырмасын басыңыз.
– Барлық тапсырмаларды орындап болған соң, «Отправить» батырмасын басуды ұмытпаңыз.

💻 Олимпиадаға тек жеке компьютер немесе ноутбук арқылы, Google Chrome браузерінде қатысу қажет.

📅 Нәтижелер 2025 жылғы 2 желтоқсанда жеке кабинетте жарияланады.

👩‍🏫 Қатысушыларды дайындаған мұғалімдер туралы мәліметтер (ЖСН, аты-жөні) марапатты жүктеу кезінде енгізіледі.

#Ақбота #Дарын #Ақбота2025 #Олимпиада

sko-uo

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы

edu

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Дарын

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы