2025 жылғы 1-2 желтоқсан күндері Алматы қаласында 8-11 сынып оқушыларына арналған VІІ «Ділмар» Республикалық шешендік өнер конкурсы өтеді.
✨ «Ділмар» – шешендік өнерді насихаттауға, халқымыздың дана тілі мен оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамытуға арналған ерекше жоба.
Конкурсқа Солтүстіктен Шал ақын ауданы, Кеңес ОМ 10 сынып оқушысы Шермухамбет Жаннұр және Мамлют ауданы, Бексейіт ОМ 10 сынып оқушысы Сапаргалиева Даяна қатысады.
«Қызылжар дарыны» орталығының әдіскерлері тарапынан байқауға дайындық жұмыстары қарастырылып, ұсыныстар айтылды.



