Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша облыстық кезеңінің жеңімпаздары астанаға-республиканы бағындыруға жолға шықты! 🔥
29 оқушы тек оқуда ғана емес, нақты нәтижеге жетуде де шебер екенін көрсетті: білім де, тәртіп те, табандылық та бар. Енді олар финалдық кезеңде Солтүстік Қазақстан облысының атынан сынға түседі. 📚✨
💪 Жеңімпаздарымызды қолдап, сәттілік тілейміз! Жолдарың ашық, ойларың анық, шешімдерің нақты, нәтижелерің жоғары болсын!
Астана, қарсы ал — біздің қатысушылар келе жатыр! 🌟



