12–19 қараша аралығында біз ауыл мектептерінің оқушылары арасындағы Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде жеңімпаз және жүлдегер атанған 173 оқушыға білім мерекесін сыйладық. Құнды сыйлықтар — құлаққаптар, пауэрбанктар, проекторлар, медальдар мен дипломдарды «Қызылжар дарыны» орталығы дайындады.
Биыл салтанатты марапаттау дәстүрлі түрде Петропавлда өткен жоқ. Ауа райының қолайсыздығына байланысты, Білім басқармасымен бірлесіп жаңа форматта – әр ауданның орталығында марапаттауды біз бастамашылық еттік.
🎓 Бастау Айыртау ауданынан алынды — үздік командалардың бірі сол жерде марапатталды. Қалған 12 аудан өз салтанатты рәсімдерін біздің үйлестіруімізбен, бастамамызбен және сыйлықтарымызбен өздері ұйымдастырды.
💛 Осындай тәсіл жеңіс қуанышын балаларға, мұғалімдер мен ата-аналарға бір қадам жақындатты. Әр ауданнан келген бейнероликтер қуаныш пен мақтаныш сезімін сөзсіз-ақ жеткізіп тұр.
Ал ЖМБ бағытындағы үздік оқушылардан құралған облыс құрамасы Астанада – олар финалда облысымыздың намысын қорғайды! Сәттілік, жастар – біз сіздерге сенеміз!














