Достар, облыстың 14 аумақтық бірлігі мен облыстық мекемелер аясында байқаудың нәтижелерімен бөлісеміз. Барлығы I турдың қорытындысы бойынша — 134 жеңімпаз бен жүлдегер: ЖМБ бағыты бойынша — 66, ҚГБ бағыты бойынша — 68. Бұл нәтижелер жетістіктерді бағамдауға, өсу нүктелерін көруге, таланттарды дамытуға және жас зерттеушілерге қолдау көрсетуге жол ашады!

⚡ Маңызды: 19–20 желтоқсан күндері облыстық кезеңнің II туры өтіп, екі бағыт бойынша тестілеу жүргізіледі. Барлық 134 жеңімпаз бен жүлдегер ешқандай шектеусіз қатысады. Тестілеу аясында салтанатты марапаттау рәсімі мен естелік сыйлықтар табысталады🎁. Өтетін орны мен нақты уақыты қосымша хабарланады.

Нәтижелермен танысып, талдау жасап, жаңа жеңістерге шабыт алайық! 💡

sko-uo

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы

edu

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Дарын

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы