Бүгін Астана қаласында өткен 9–11(12) сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы Республикалық олимпиададан жеңіспен оралған ауыл мектептерінің құрамасын вокзалда қарсы алдық.

Олимпиадаға еліміздің әр өңірінен келген 475 қатысушы жиналып, математика, физика, химия, биология, география және информатика пәндері бойынша сынға түсті.

Солтүстік Қазақстан облысының намысын 29 дарынды оқушы қорғап, олардың нәтижелері біздің мақтанышымыз:

🥈 6 екінші орын
🥉 5 үшінші орын
🏅 ерекше жетістіктері үшін 4 грамота

Біздің жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ауыл мектептерінің оқушылары арасындағы олимпиадаға деген қызығушылық жылдан-жылға артып келеді, ал бүгінгі жетістіктер — соның айқын дәлелі.

Дарынды оқушыларымыз және оларды дайындаған ұстаздарымызды мақтан етеміз!
Сіздер — үздіксіздер! 💫

sko-uo

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы

edu

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Дарын

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы