Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7–8-сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың екінші (аудандық/қалалық) кезеңі басталды. Биыл өңіріміздің 3000-нан астам оқушы қатысуда.
🗓 3 желтоқсан — 7-сыныптар: ⏰ 10:00 — жаратылыстану-математикалық бағыт
⏰ 14:00 — қоғамдық-гуманитарлық бағыт
🗓 4 желтоқсан — 8-сыныптар: ⏰ 10:00 — жаратылыстану-математикалық бағыт
⏰ 14:00 — қоғамдық-гуманитарлық бағыт
📚 Пәндер:
Қоғамдық-гуманитарлық:
Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі.
Жаратылыстану-математикалық:
Математика, информатика, география, физика, химия, биология.
🎯 Олимпиада оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамытуға, ғылымға қызығушылығын арттыруға және қабілетті оқушыларды анықтап, республикалық деңгейге дайындауға бағытталған.
🌟 Барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт, табыс және сәттілік тілейміз! Білім жолындағы жетістіктеріңіз арта берсін. 🚀📚



