Логикаңды тексеріп, алгоритмдік ойлауды дамытып, информатика әлемінде өзіңді сынап көргің келе ме? Онда «Bebras» ойын-конкурсы дәл сен үшін! 🖥️⚡

📣 2025 жылғы 22–25 желтоқсан аралығында РҒПО «Дарын» жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында информатикадан «Bebras» конкурсын өткізеді!

Солтүстік Қазақстан облысының 5–11 сынып оқушыларын қатысуға шақырамыз!

🔑 Қалай қатысуға болады? Бар-жоғы 3 қадам!

1️⃣ Аккаунт жаса
8 желтоқсан 10:00-ден 20 желтоқсан 20:00-ге дейін www.games.daryn.kz сайтына кіріп, аккаунтыңды тексер немесе жаңадан тіркел → мәліметтердің дұрыс толтырылғанына көз жеткіз.
2️⃣ Қатысуды раста
Осы мерзімде жеке кабинетке кіріп, «Қатысуды растау» батырмасын бас.
3️⃣ Тестті орында
22–25 желтоқсан аралығында жеке кабинетке кіріп, «Бастау» батырмасын бас.
Сыныбыңды тексер → тапсырмаларды орында → «Жіберу» батырмасын басуды ұмытпа!
❗ «Жіберу» батырмасын басқаннан кейін тек өзің таңдаған жауаптарды ғана көресің.

📌 Сұрақтар саны сыныпқа байланысты.
Тізім мына сілтеме бойынша 👉 https://games.daryn.kz/degree-keng/bebras/2025/bebras-subjects.php

🕘 Басталуы: 22 желтоқсан, 10:00
⏳ Аяқталуы: 25 желтоқсан, 20:00
📍 Өтетін орны: жеке компьютер және Google Chrome браузері / www.games.daryn.kz
🔗 Ереже афишадағы QR-кодта

🎉 Нәтижелер — 31 желтоқсанда қатысушының жеке кабинетінде жарияланады.
💡 Информатика әлеміндегі халықаралық қозғалыстың бір бөлігі болуға және өз қабілетіңді көрсетуге мүмкіндік жіберіп алма!

sko-uo

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы

edu

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Дарын

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы