«Қызылжар дарыны» дарынды балалар дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы қаржылық сауаттылық және қауіпсіздік бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізді.
Зияткерлік сайысқа 27 оқушы қатысты:
🏫 1 қатысушы — Тимирязев ауданынан
🏫 11 оқушы — облыстық мамандандырылған мектептерден
🏫 15 оқушы — Петропавл қаласының мектептерінен
💻 Олимпиада smart.daryn.kz платформасында онлайн форматта өтіп, барлық қатысушылар үшін тең әрі ашық жағдай жасалды.
🏆 Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша 6 үздік қатысушы Солтүстік Қазақстан облысының намысын республикалық кезеңде қорғайды.
⏳ Қазіргі уақытта қорытындылар шығарылуда.
Барлық қатысушыларға жоғары нәтижелер мен өз білімдеріне сенімділік тілейміз! 🍀



