Бүгін лингвистика пәні бойынша республикалық кезең аясында мотивациялық олимпиада өтті. Жас дарындар білімдерін тереңдетіп, күрделі тапсырмаларды жан-жақты талдауға мүмкіндік алды.
Іс-шараға келесі оқушылар қатысты:
Жұмабек Әнуар, 10-сынып, Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық мамандандырылған гимназия-интернаты;
Брехт Ангелина, 9-сынып, академик Евней Бөкетов атындағы мектеп-гимназия;
Капитонова Дарья, 10-сынып, ЛОРД атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты;
Мусин Данир, 9-сынып, Бірінші қалалық жалпы білім беретін IT-лицей.
Мұндай олимпиадалар теориялық білім мен практикалық дағдыларды дамытып, өзіне деген сенімділікті нығайтады әрі стандарттан тыс тапсырмаларды сәтті шешуге дайындайды.
👏 Барлық қатысушыларға лингвистика әлемінде жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!



