Аталған білім ордасында «Қызылжар дарыны» орталығы ұйымдастырған сыни ойлау мен философия бағытындағы Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.

Олимпиадаға қатысқан 25 оқушы — жоғары деңгейдегі зерделілік қабілетімен ерекшеленген білім алушылар.

Қатысушылар дайын жауапты таңдаумен шектелмей, ой қорытып, өз көзқарастарын уәжді түрде негіздеп, талдау жасап, мәселенің мәнін ашуға ұмтылды. Логикалық ойлау, пайымдау тереңдігі және өз ұстанымын дәлелдей білу қабілеті бұл іс-шараның жоғары деңгейдегі зияткерлік мәнін көрсетті.

Олимпиада нәтижесінде әрбір қатысушы тәуелсіз ойлауға деген жауапкершілік, жеке көзқарасына сенім және ақиқатты іздеуге деген ынтаны бойына сіңірді.

Бұл тәжірибе білім алушылардың зияткерлік әлеуетін арттырып, олардың болашақта жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне негіз қалады.🧠✨

sko-uo

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы

edu

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Дарын

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы