📍Петропавл қаласында 10-11 (12) сынып оқушылары арасында ағылшын, неміс және француз тілдері пәндерінен республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Олимпиаданың қорытынды кезеңіне еліміздің барлық өңірлерінен 164 оқушы қатысып, 74 жүлде сарапқа салынды.

👧🏻Қатысушылар тыңдалым, оқылым, жазылым және сөйлеу дағдылары бойынша өз білімдерін көрсетіп, тілдік құзыреттіліктерін дәлелдеді. Олимпиаданың негізгі мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, олардың ғылыми-танымдық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі олимпиадаларға қатысатын ұлттық құраманы қалыптастыру.

🏅Бес күнге созылған білім додасының қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен, сондай-ақ алтын, күміс және қола медальдармен марапатталды. Атап айтқанда, 15

sko-uo

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы

edu

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Дарын

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы