Петропавл қаласындағыНазарбаев Зияткердік мектебі осымен үшінші жыл қатарынан информатикадан NISCode облыстық олимпиадасын ұйымдастырып келеді. Осы уақыт ішінде іс-шара Солтүстік Қазақстан облысының жас бағдарламашылары үшін игі дәстүрге айналып үлгерген олимпиада «Қызылжар дарыны» орталығымен бірлесіп өткізілді.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды: іріктеу кезеңі онлайн форматта, ал финалдық облыстық кезеңі офлайн форматта өтті. Іріктеу нәтижесінде финалға 60 оқушы жолдама алды. Қатысушылар географиясы Петропавл қаласын, сондай-ақ Тайынша, Айыртау, Қызылжар, Аққайың, Мамлют, Есіл аудандары мен Мағжан Жұмабаев ауданын қамтыды.
Финалдық кезеңде қатысушылар 3 сағат ішінде әртүрлі деңгейдегі 5 тапсырманы орындады. Нәтижесінде екі жас санаты бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:
7–9 сыныптар:
I орын — Иманғали Жақсыбай (Петропавл қаласындағы НЗМ ЕМН)
II орын — Артур Ибрагимов (№7 орта мектеп)
III орын — Степ



