📚 2026 жылғы 14 мамырда smart.daryn.kz платформасында 5-6 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.
СҚО намысын облыстық кезеңнің жеңімпазы атанған 17 үздік оқушы қорғады. Қатысушылар 8 пән бойынша білімдерін көрсетіп, логикалық ойлау қабілеті мен дайындық деңгейінің жоғары екенін дәлелдеді.
Бұл олимпиада оқушылар үшін тек білім сайысы ғана емес, республикалық деңгейде тәжірибе жинап, өз мүмкіндіктерін шыңдауға берілген үлкен мүмкіндік болды.
Қатысушыларымызға жоғары нәтиже мен толағай табыс тілейміз!




