📚 Қазақ тілі мен әдебиетінен «Абайтану» олимпиадасының облыстық кезеңі өтеді!
«Абайтану» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтетіні туралы хабарлайды. «Абайтану» олимпиадасы — 9-11 сынып оқушылары арасында ұлы ақын, философ Абай Құнанбайұлының шығармашылығын терең түсіну, әдеби талдау және тілдік сауаттылықты дамыту мақсатында өткізіледі.
🔹 Қатысу шарттары:
* Аудандық немесе қалалық кезеңдерден шыққан ең үздік оқушылар облыстық кезеңге қатыса алады;
* Байқау міндетті түрде екі айналымнан тұрады:
1) Эссе жазу — Абай шығармашылығы (поэзия, қарасөздер) негізінде жазбаша тапсырма;
2) Тапсырмаларды орындау — Абай шығармаларын талдау және қазақ тілі мен әдебиеті бойынша сұрақтарға жауап беру.

sko-uo

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы

edu

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Дарын

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы