📢 Петропавл қаласында – Мағжан Жұмабаев өмір сүріп, шығармашылық ізі қалған қасиетті өңірде – 2026 жылғы Республикалық «Мағжан оқулары» өтеді!
Ұлы ақынның кіндік қаны тамған жері – солтүстік даласының рухын жырға қосқан Мағжан мұрасы бүгінде туған өлкесінде қайта жаңғырып, жас ұрпақпен қауышпақ.
🔹 Бұл ауқымды ғылыми-шығармашылық байқауға еліміздің барлық өңірінен іріктелген үздік оқушылар қатысып, білімдері мен өнерлерін ортаға салады.
💫 Дәстүрлі «Мағжан оқулары» – жас ұрпақтың рухани дамуына серпін беріп, ұлттық әдебиет пен сөз өнеріне деген құрметті арттыратын тағылымды алаң.
✍️ Мағжан жыры – ұлт рухының мәңгілік үні!
📅 Өтетін уақыты: 23–25 маусым, 2026 жыл
📍 Өтетін орны: Петропавл қаласы, Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж




