Қазір – өзіңді шыңдайтын уақыт. 🔥
Жасөспірімдеріміз оқу-жаттығу жиынында өз пәндері мен бағыттары бойынша қарқынды дайындалып жатыр.
Тапсырмалар оңай емес, қарқын жоғары. Кейде барынша күш салуға тура келеді. Бірақ олар талпынып, еңбектеніп, алға жылжып келеді.
Ал сабақтан тыс уақытта жаңа таныстықтар, достық қарым-қатынас, әзіл-қалжың, серуен және бірге өткізген көңілді сәттер.
Үйренеміз. Талпынамыз. Бірге өсеміз.
Оқу-жаттығу жиындарының атмосферасы – осындай. 📸

↑