Кейбір жобалар уақыт өте келе дәстүрге айналады. Ал кейбірі көпшілікке таныс брендке айналып, өзіндік тарихын қалыптастырады.
«Жоғары лига» – осындай жоба. Жыл сайын күзде өтетін бұл өңірлік олимпиада жаңа олимпиадалық маусымға жол ашып, облыстың білімді де дарынды оқушыларын бір алаңға жинайды.
Бұл – білімін сынап, өз мүмкіндігін саралап, нағыз зияткерлік бәсекеде бақ сынайтындардың алаңы.
«Жоғары лига» – жай ғана олимпиада емес. Бұл – асыға күтетін дәстүрге айналған жоба

