20 жылдық тарихы, қалыптасқан құндылықтары және өзіндік дәстүрі бар «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі – жыл сайын жоғары нәтиже көрсетіп, білім додасында өз орнын дәлелдеп келе жатқан бірегей білім ордасы.
Биыл лицей олимпиадалық бағыттағы үздік 100 мектеп қатарында 40-орынға көтерілді. Бұл – ұстаз еңбегі, оқушы талпынысы және ата-ана қолдауының нәтижесі.
Осы жетістікті бағалай отырып, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқармасы және «Қызылжар дарыны» орталығы 1 қыркүйек – жаңа оқу жылының басталуында лицейге арнайы сыйлық – теледидар табыстады. 📺
Бұл – жай ғана сыйлық емес.Бұл – нәтижеге берілген баға және жаңа жеңістерге арналған ресурс.
Алда – жаңа мақсаттар, жаңа белестер, жаңа жеңістер! Бірге жаңа биіктерге! 🚀

↑