«Ақберен» – өнерге қанат қаққан жас дарындардың жолы!
Солтүстік Қазақстанда республикалық «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті.
Биылғы додада 48 жас өрен сөз өнері мен шығармашылық қабілетін ортаға салып, өзара бақ сынады. Әр қатысушының өнері – ізденіс пен еңбектің, талант пен талаптың көрінісі!
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары республикалық додада Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғайды!

