«Ұстазым, ардақты ұстазым!» республикалық челленджі аясында «Ұстаз жолы» айдарын жалғастырамыз.
Бүгін назарымызда – «Білім-Инновация» лицей-интернатының информатика пәні мұғалімі Қалиева Құралай Жанабайқызы.
Өз пәнін терең меңгеріп қана қоймай, оған деген қызығушылығын шәкірттеріне де жеткізе білетін ұстаз. Құралай Жанабайқызы дарынды оқушыларын ғылыми жобалар мен робототехникаға баулып, республикалық және халықаралық байқауларға дайындап келеді.
Ұстаздық жолы мен шәкірттері туралы Құралай Жанабайқызының өзінен тыңдайық.
#ҰстазымАрдақтыҰстазым #ҰстазЖолы #ҰстаздарКүні #ҚызылжарДарыны

