«Ұстазым, ардақты ұстазым!» республикалық челленджі аясында «Ұстаз жолы» айдарын жалғастырамыз.
Бүгін назарымызда – Сафуан Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның мұғалімі Абуева Райса Тұрлыбекқызы.
Райса Тұрлыбекқызы шәкірттерін зерттеуге, жаңа идея іздеуге және өз мүмкіндіктеріне сенуге баулиды. Оқушыларымен бірге зерттеу және экологиялық жобаларға қатысып, облыстық және республикалық байқауларда нәтижелі жұмыс жүргізіп келеді.
Ұстаздық жолы мен жас зерттеушілермен жұмысы туралы Райса Тұрлыбекқызының өзінен тыңдайық.
#ҰстазымАрдақтыҰстазым #ҰстазЖолы #ҰстаздарКүні #ҚызылжарДарыны

