Ертең Қазақстанның барлық өңірінде ауыл мектептерінің оқушылары республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысады.
Солтүстік Қазақстан облысынан 1871 оқушы білімін сынайды. Олар олимпиадалық тапсырмаларды орындап, басқа мектептердің оқушыларымен бақ сынап, өз білімдері мен дайындығын бағамдайды.
📚 7 – 9 қазан – білімді саралап, ойды жинақтап, өз мүмкіндігіңді байқап көретін үш күн.
Барша қатысушыға сәттілік! Тапсырмаларыңыз қызықты, ойларыңыз жинақы, нәтижелеріңіз жақсы болсын!

