Кеше аудандық білім бөлімдеріндегі олимпиаданы өткізуге жауапты мамандарға Zoom арқылы нұсқаулық бердік.
Аудандық кезеңді ұйымдастыру мен өткізуге қатысты негізгі мәселелерді талқылап, маңызды тұстарға тоқталдық. Жауапты мамандарға қажетті ұсынымдар беріліп, сұрақтарына жауап берілді.
Бүгін «Қызылжар дарынының» мамандары мен әдіскерлері аудандарға жолға шықты. Алдағы үш күнде олимпиаданың өту барысына қолдау көрсетіп, қажет болған жағдайда ұйымдастыру мәселелерін жедел шешуге көмектесеміз.
Алда үш күндік ауқымды зияткерлік дода!

