Бүгін ауыл мектептерінің 9 – 11 сынып оқушылары республикалық олимпиаданың II аудандық кезеңінде өз білімдерін сынады.
Алғашқы күннің бағдарламасында информатика, физика, химия және география пәндері қамтылды. 90 минут ішінде қатысушылар тапсырмаларды smart.daryn.kz платформасында орындады.Олимпиада штаттық режимде өтті. Барлық талаптар сақталып, академиялық адалдық қағидаларын бұзу фактілері тіркелген жоқ.
Бір күн артта. Алда – тағы екі күн! Олимпиада жалғасуда!

