🌟2026 жылғы 22-23 қыркүйек аралығында Қазақстан халқы тілдері күніне орай өзге ұлт оқушылары арасында қазақ тілінен 5-10 сынып оқушыларына арналған «Тіл – тәуелсіздік тұғыры» Республикалық олимпиадасы өткізілді.
Олимпиадаға өңіріміздің мектептерінен 987 оқушы қатысып, 351 жүлделі орынды жеңіп алды. Оның ішінде І орын 72 оқушы; ІІ орын 113 оқушы; ІІІ орын 166 оқушы иеленді.
Барлық қатысушыларды тамаша жетістіктерімен құттықтаймыз!
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

