Ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі аяқталды.
Осы күндері «Қызылжар дарыны» орталығының командасы аудандарда жұмыс істеп, олимпиаданың өту барысын үйлестіріп, ұйымдастырушылармен тығыз байланыста болды.
Қатысушыларға белсенділіктері үшін, педагогтерге оқушыларды дайындағаны үшін, ал білім бөлімдеріне, мектептер мен барлық ұйымдастырушыларға бірлескен жұмыстары үшін алғыс айтамыз!
📍 27–31 қазан – облыстық кезең! Осы кезеңде республикалық деңгейде Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғайтын оқушылар анықталады.
Алда – жаңа білім белестері мен өз мүмкіндіктерін көрсетуге жол ашатын маңызды кезең!

↑