🤖 ЖИ + STEAM = БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ! 🚀
Робототехника чемпиондары мен әлемдік деңгейдегі жобалар неден басталады? Әрине, ізденімпаз ұстаздардан!
«Қызылжар дарыны» орталығы «Білім-Инновация» лицейінде СҚО информатика мұғалімдеріне арналған практикалық семинар өткізді. Qyzylzhar FIRST Scrimmage 2026 республикалық жарысы қарсаңында педагогтер ЖИ құралдары мен STEAM технологияларын меңгерді.
Педагог-тренер Құралай Қалиева өз тәжірибесімен бөлісіп, заманауи AI-құралдардың мүмкіндіктерін таныстырды.
🔥 «Қызылжар дарыны» орталығы өңірде FIRST Robotics қозғалысын дамытып келе жатқанына – 3 жыл! Жаңа идеялар, инженерлік шешімдер мен үлкен жеңістерге жол ашамыз!
💡 Робототехникаға қызығасыз ба? Qyzylzhar FIRST Scrimmage 2026 республикалық жарысына қатысып, өз идеяларыңызды жүзеге асырыңыз!

↑